Accessibility links

Григорий Марченко теңгенің он жылдығына орай баспасөз мәслихатын өткізді.


Қазан айының сегізінші жұлдызында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің төрағасы Григорий Марченко әдеттегідей айдың қорытындысын түйіндеп, баспасөз мәслихатын өткізді.

Григорий Марченконың айтуы бойынша, 2003 жылдың қыркүйек айында инфляция 0,4 процентті құраған. Сондай-ақ азық-түлік тауарлары да ақылы қызмет көрсетудің 0,6 процентке қымбаттауы салдарынан 1 процентке өскен.

Азық-түлік тауарларының құрылымында негізінен жұмыртқа 8,1 процентке, сүт 3,4 процентке, ұн 2,2 процентке, нан 1,3 процентке қымбаттады. Алайда осы өсім бағаның көкөніс пен жеміс-жидектерге 5,7 проценкте, қантқа 2,8 процентке арзандауымен өтелді “ деді, Григорий Марченко.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің төрағасы Григорий Марченконың айтуынша азық-түлікке жатпайтын тауарларға баға негізінен бензиннің 7,7 процентке едәуір қымбаттауы есебінен көтеріліпті. Сондай-ақ осы айдың ішінде киімге, жеке бастың гигиенесы тауарларына, газеттерге, кітаптарға және кеңсе тауарлары мен аяқ киімге де баға көтерілген.

Халыққа ақылы қызмет көрсету арасында білім беру – 4,6 процентке, оның ішінде жоғары білім – 10,1 процентке біршама дәрежеде қымбаттаған. Жолаушылар көлігі және демалыс, ойын-сауық және мәдениет салалары ұйымдарына қызмет көрсетудің тарифтері мен бағалары 0,9 процентке, медициналық қызмет көрсету 0,4 процентке өсті деген Григорий Марченко, тұрғын-үй комуналдық қызмет көрсету ішінде жылу берудің 0,4 процентке қымбаттағындығына да тоқталып өтті.

Сондай-ақ Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченко алдағы келе жатқан теңгенің он жылдығына орай бірқатар мерейтойлық шаралардың өткізілетіндігіне де кеңінен тоқталып өтті. “Біз үшін ең маңызды мерекелік шара 14 қарашада өтеді. Сол күні ғылыми-әдістемелік конференция болады. Аталмыш конференцияға отыздан аса Еуропа мен Азия банкілерінің өкілдері қатысады. Конференцияға Қытайдың, Ресейдің, Белгияның орталық банкілерінің басшылары келеді деп күтілуде” деді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің төрағасы Григорий Марченко.
XS
SM
MD
LG