Accessibility links

Кентау қаласының Қарнақ ауылында орналасқан Шәммат Ишан мешіті мұражай жәдігерлерін қабылдады.


ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, көне жәдігерлерді өмір бойы жергілікті тарих мұғалімі және археолог Бекташ Мирзаев жинаған. Бұл жәдігерлер үшін ең жайлы орын - 18-інші ғасырда салынған мешіт ғимараты болып табылады деп пайымдаған қария кеңес дәуірінде бұл бастамаға рұқсат ала алмаған. Кейіннен қария бұл бастаманы өзінің ұлы, Әнуар Мирзаевқа аманат етіп кеткен. Жинақтың ішіндегі мақтаныш етерлік ерекше жәдігерлер бар, олар - әр дәуірдің қағаз ақшалары мен теңгелері. Тарихшының ұлы -Әнуар Мирзаевқа осы теңгелер үшін жаңа “Мерседес” ұсынғандар да болыпты. Бірақ, әкесінің аманатын мойнына алған ол, жәдігерлердің бірін де жоғалтпай, мұражайға тапсырып отыр.
XS
SM
MD
LG