Accessibility links

Қазақстан мен Малайзия арасында бірлескен ынтымақтастық және ауылдық елді-мекендерді дамыту тәжірибесімен алмасу туралы келісім жасады.


Кездесу барысында Малайзия ауылшаруашылығы министрі Азми бин Халид 1947 жылы құрылған өз мекемесінің жұмысы жайлы әңгімелеп берді. Министрліктің бағдарламаларын қолдау үшін мемлекет жыл сайын 600 миллион АҚШ долларын бөліп отырады екен. Министрлік мемлекеттік қаржылық институттары арқылы ауыл халқына 10 жылға пайызсыз және кепілдіксіз несиелер береді. Несиенің ең төменгі көрсеткіші 250 долларды құраса, ең үлкен көрсеткіш - 500 мың АҚШ долларын құрайды. Ал, несиелердің қайтарылу көрсеткіші 80-99 пайыздың аралығын қамтиды. Несие дер кезінде қайтарылған жағдайда, министрлік берілген несиенің 30 пайызын қарыз алушыға қалдырады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
XS
SM
MD
LG