Accessibility links

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай елдің жаңа Конституциясының жобасы 10 күннің ішінде жарияланатынын айтты.


Бұл жаңа заң Ауған үкіметінің 23 жыл болған соғыстан кейінгі елді қайта қалпына келтірудегі басты кілті болмақ. Ауғанстанның Лойа жырға немесе Жоғары ұлттық кеңесі желтоқсан айында бұл құжатты мақұлдау үшін кездеспек. Ал, президенттік сайлау 2004 жылдың маусымында өтуі тиіс. Сонымен қатар, сәрсенбіде Ауғанстанның солтүстігінде этникалық тәжіктердің әскери жетекшісі Атта Мохаммед пен этникалық өзбектердің жетекшісі Абдул Рашид Достумның жауынгерлері арасында қатты шайқас болып, екі жақтан да адам шығындары болған. Және де, екі жыл бұрын ұсталған бұрынғы талибан өкіметінің сыртқы істер министрі Уәкіл Ахмед Муттауәкілді АҚШ босатыпты деген ақпарды Хамид Қарзай кеше жоққа шығарды. Бұл туралы алдында Қандағардағы бір әскери жетекші Мохаммед Яқуб айтқан болатын. АҚШ-тың әскери өкілі бұл туралы айтудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG