Accessibility links

Ирақ бойынша БҰҰ-ның қаулысы төңірегіндегі тартыс.


Ирақ бойынша АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік kеңесіне ұсынған қаулы жобасының болашағы бұлыңғыр.

АҚШ болса Ирақтағы билікті толық ирақтықтарға беру керек деген ұсынысты қабылдамай отыр. Ал, Ирақтағы соғысқа қарсы шыққан елдер ҚК –де Ирақ тәуелсіздігін тездетіп қалыпқа келтіру керек деп отыр.

АҚШ-дың БҰҰ-дағы елшісі Джон Негропонтe БҰҰ-ның ҚК-нде сөйлеген сөзінде ҚШ өзі ұсынған қаулы жобасын өзгертеді деп күтпеңіздер деген. Бұ жәйлі Негропонтe журналистер алдында мәлімдеген. Негропонттың айтуынша ҚШ ұсынып отырған қаулы Ирақтағы билікті ирақтықтарға береді, сонымен бірге БҰҰ-ның Ирақтағы ролін де күшейтпек.

"Қауіпсіздік Кеңесіне мен "біз егер қаулының жақын күндерде соңғы нұсқасын ұсынар болсақ, яғни ертерек дауыс беру идеясымен қосып ұсынар болсақ, онда сіздер бұрынғы қаулыдан өзге нұсқа күтпеулеріңіз керек", - дедім"

Негропонттың айтуынша ҚШ қаулының Ираққа жәрдем берушілердің Мадрид басқосуы алдында қабылданғанын қалайды. Мадрид басқосуына екі апта қалып отыр. Дипломаттар болса егер ҚШ қаулыға өзгерістер еңгізбесе, онда Франция, Германия, Ресей қаулы үшін дауыс бермейді дейді. Бұл елдер Ирақ тәуелсіздігін тез қалыпқа келтіру жағында екені аян. Өткен аптада БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан да Ирақтағы билікті 3 не 5 ай ішінде жергілікті әкімдердің қолына беруге шақырған болатын. Ал, ҚШ болса жаңа Kонституция қабылдау мен сайлаулар алдымен өтуі керек деп біледі. БҰҰ-дағы Германия елшісі Дирк Ротенберг қаулы жобасына өзгерістер енеді деген сенімде:

"Біз жүйелі пікір алыстық. Кеңес мүшелері өзара түсіністікке келуге күш жұмсауда."

ҚШ мемлекеттік департментінің өкілі Ричард Баучер ҚШ қаулыны қайтып алуы да мүмкін деп біледі. Сондай-ақ, ҚШ бастаған коалиция Ирақтағы билікті ирақтықтарға тапсыруды өз алдына міндет етіп қойған дейді:

"Бұл үдеріс яғни билікті ирақтықтарға беру үдерісі біз жаңа қаулы қабылдасақ та, қабылдамасақ та өз-өзінен жүріп жатыр.

Біз көптеген ұсыныстарды, ішінде БҰҰ-ның ролі жөніндегі Бас хатшының баяндамасы да бар, есепке алуға ұмтылдық.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан шілденің 15 күні "БҰҰ Ирақта сайлау өткізу, заңнамалар қабылдау және полицияны жаттықтыру саласында жәрдемдер бере алады"
деген еді.

Алайда, БҰҰ-ның бір өкілі дәл кәзіргі жағдаят Кофи Аннанның ол баяндамасы жасалынған тұстан мүлдем басқаша дейді. Аталмыш өкіл БҰҰ-ын алаңдатып отырған нәрсе ирақтықтардың БҰҰ-ның өкілдеріне де Ирақты басып алған күштер қатарында қарауы дейді. Сондықтан да БҰҰ Ауғанстандағы тәрізді Ираққа да ізгі ниет жәрдемін берумен шектелгісі келеді.
XS
SM
MD
LG