Accessibility links

"Трансперенси интернешнл" ұйымы Қазақстандағы келеңсіз жайттарды тағы ортаға салды


"Трансперенси интернешнл" ұйымы ғаламдық деңгейдегі коррупция жөнінде дәстүрлі баяндамасын жариялап, Қазақстандағы келеңсіз жайттарды тағы ортаға салды. Халықаралық құқық қорғаушы ұйым сыбайласқан жемқорлықты тоқтату мақсатында бай мемлекеттердi жариялылықты күшейтуге шақырып отыр.

"Транспаренси интернешнл" ұйымының жыл сайынғы дәстүрлі баяндамасы осы аптаның басында, сейсенбі күні жарияланды."Франс пресс" агенттгі Сингапурдан жолдаған хабарында халықаралық ұйымның қортынды құжатында Азияның келбеті коррупция жағынан келеңсіз сипатталды деп ден қояды. Аймақтың көптеген елі әсіресе парақорлық дертіне терең шалдықты, әлемдік кесте бойынша ең нашар орында табылды. Сыбайласқан жемқорлықтан ада азиялық елдердің қатарында Сингапур, Гонконг, Жапония сияқты ғана санаулы мемлекет бар. Бангладеш, Муанмар, Индонезия сияқты елдер әлемнің ең коррупцияланған мемлекеттерінің арасында африкалық Нигерия елінің ар жақ бер жағынан табылып отыр.

Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстанның дүниежүзілік кестедеге орны жүздік кезекті санмен ерекшеленіп отыр. "Транспаренси интернешнл" ұйымы 133 мемлекеттегі жағдайды зерттесе, Қазақстан корупцияның үлес салмағы бойынша тұп-тура жүзінші орында.Қазақстан 2,4 ұпай жинап, Гватемала және Молдова мемлекеттерімен нашар атақты бөлісіп отыр. "Транспаренси интернешнлдің" жыл сайынғы зерттеуінде қоғамы ең таза мемлекетке 10 деген баға қойылады. 6-дан жоғары бағаға ұзын саны 27 ғана мемлекет ие. Ең әділ елдер деп әдетте Финляндия, Исландия және Дания аталады. Ал Қазақстан жалпы тізімнің етек тұсында. Қазақстанның жағдайы "Транспаренси интернешнл" ұйымының тарапынан 1999 жылдан бері зерттеліп келе жатыр. Назар аударатын жайт, Қазақстан үнемі нашар баға алады. Зерттеу негізінен бұқаралық сауалнамаларға, шетелдік азаматтардың, кәсіпкерлердің, сарапшылардың арасында өткізілген сауалнамаларға сүйенеді.

"Дойче пресс" агенттігі "Транспаренси интернешнл" ұйымының зерттеуін сипаттаған хабарында сыбайласқан жемқорлыққа батқан елдер негізінен даму үстіндегі елдерден құралғанына ден қояды. Талдау жасалған 133 елдің арасында былығы ең көп деп Бангладеш түстелді. Коррупцияға ең қатты батқан он мемлекеттің қатарына Тәжікстан, Грузия, Әзірбайжан сияқты бұрынғы үш советтік республика және Камерун мен ангола сияқты африкалық екі мұнай өндіруші мемлекет ілінді.

"Транспаренси интернешнл" ұйымының төрағасы Питер Айген сыбайласқан жемқорлықты басудың ең басты жолы – бай елдер дамушы елдерге көмектессе жөн, коррупцияны доғаруға саяси жігер танытуға үйретсе жөн дейді. «Әлемнің барлық кәсіпкерлеі ресми қызметкерлерге пара беруді тоқтатса, нұр үстіне нұр болады" дейді Питер Айген.

Коррупция әсіресе мұнайға бай елдерде құтырып тұр, сондықтан халықаралық мұнай компаниялардың жергілікті үкіметтерге қанша ақша төлейтінін толық жариялап тұрған ләзім, дейді "Транспаренси интернешнл" ұйымы алқасының мүшесі Лоуренси Кокрофт. Жалпы, қоғам қазынасына тиісті мұнай табыстары көптеген жағдайда ресми басшылар мен саясаткерлер тарапынан ұрланады, атағы дардай бос жобалар желеумен талан-таражға салынады не болмаса құпия есеп-шоттарда жасырылады.
XS
SM
MD
LG