Accessibility links

Қазақстанда адам денсаулығына қауіпті Қытайдың аспаздық тағамдары мен сусындары сатылуда.


Павлодар қаласының бас санитарлық дәргері Қытайда жасалған " Көңілді аспаз", "Періште", Дан-баоли" ашытқыларын тұтынуға тиым салған. Мысалы, қытайлық "Періште" ашытқысында 3ПДК тотияын, 10 ПДК цинк табылған. Бұндай көлемдегі тотияын мен цинк адамның орталық жүйке жүйесі мен бауыр, бүйрегіне дереу зақым келтіреді. Ал қытай ашытқыларынан жасалған нан тағамдары балалардың жеуіне аса қауіпті. 2002 жылы Павлодар қаласында 659 дана қытай ашытқылары саудадан алынса, 2003 жылы құрамында улы заттар бар ашытқылар қайта анықталған. Бұған қоса Павлодарда Қытайда жасалған сәбилерге беретін "Милк" асымен нәрестелер уланған. Әдемі безендірілген қорапта ағылшын тілінде балалар қорегінің құрамында сүт, су, қант,теңіз балдырлары барлығы жазылғанымен, қазақстандық дәрігерлер оның құрамынын сүтті таба алмай ақ қойған. Ал Астана санитарлық дәргерлері қытайлық шырыннан тотияынның көп бөлігін анықтаған. Қазақстандықтар Қытай шырындары, ашытқылары, сағыздары мен тәттілерін алғанда абай болулары ескертіледі, әсіресе қазақ, орыс тілдерінде жазулары жоқ, дәрігерлік тексеруден өтпеген, азық-түлікті алмаған абзал деп санитарлық дәргерлер ескерту жасайды,- деп Kazakhstan today хабарлайды.
XS
SM
MD
LG