Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Украина премьер министрі Виктор Януковичпен кездесті.


Олар бірқатар өзекті проблемалармен қатар Ирақ мәселесі және терроризммен күрес жағдайын талқылады. Американың мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучердің айтуынша, Колин Пауэлл бұл кездесуде Ирақтағы адам құқықтары мен демократия ахуалының алға жылжу маңыздылығын атап өткен. - Мемлекеттік хатшы Колин Пауэлл бүгін Украина премьер министрі Виктор Януковичпен кездесті. Онда түрлі екіжақты мәселелер сөз болды. Бұл кездесу сонымен бірге, Колин Пауэлдің Ирақта тұрақтылықты қамтамасыз етуге Украинаның қосып жатқан маңызды үлесіне орай алғысын білдіруіне мүмкіндік болды. Украина Ирақтағы ең көп әскери жасағы бар төртінші ел. Ондағы Польша қолбасшылығының қарамағында Украинаның 1600 әскері бар. Және де АҚШ департаментінің өкілі Ричард Баучердің айтуынша, Пауэлл сондай-ақ келесі жылы Украина жетекшілігінің бұл елде болатын президенттік сайлаудың әділ де еркін өтуін қамтамасыз етіп, баспасөз тәуелсіздігі мен соттық жүйені күшейтеді деген сенімін айтқан.
XS
SM
MD
LG