Accessibility links

Джордж Буш Ирақ соғысына байланысты айтылған сындарға тағы да уәж айтты.


АҚШ президенті Джордж Буш қайтадан Ирақтағы әскери операцияларға байланысты айтылған сындарға орай мәлімдеме жасап, Вашингтонның басқа таңдау-балама жолы болмады деді. Бейсенбі күні Нью-Гэмпшир штатындағы Портсмут әскери базасында сөйлеген сөзінде ол, америка халқын қорғау үшін соғысу қажет болды деген. - Мен американ халқының қауіпсіздігін есалаң адамның қолында қалдырмау үшін әрекет еттім. Мен Саддам Хуссейннің өз-өзін ұстап, ақылға келеді дегенге сеніп, шетте күтіп қала алмадым, - деген АҚШ президенті Ақ үй Саддам Хуссейн режимі кезінде АҚШқа қауіп төніп тұр деп Буш әкімшілігі есептеген Ирақтағы жаппай қырып- жою қаруы әлі де табылмаған соң, бірнеше рет сынға ұшырап келеді. Бейсенбі күні АҚШ Конгресінің арнайы комиссиясы Ауғанстан мен Ирақты қалпына келтіру мен бітімгершілік операцияларына 87 млд доллар қаржы бөлуді мақұлдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG