Accessibility links

Қазақстандық ақпараттық технология өндірушілер құқығын қорғайтын Декларация қабылданды


Жұма күні Алматыда «Қазақстанның ақпараттық технологиялар индустриясындағы интеллектуалды меншік құқықтары. Қазіргі жағдай мен перспективалар» деген тақырыпта дөңгелек үстел болды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің интеллектуалды меншік құқығы бойынша Комитетінің төрайымы Сақипова Нұрғайша Нұртайқызы, батыстық және қазақстандық ақпараттық технологиялар өндіруші компаниялардың басшылары қатысты. Дөңгелек үстелді өткізушілер бұрын-соңды Қазақстанның ақпараттық технологиялар рыногінде болмаған Ақпараттық технологиялар өндірушілердің авторлық құқықтарын сақтау туралы Декларация қабылданғанын жеткізді.

Қазақстанда лицензиясыз өнімнің, қарапайым тілмен айтқанда қарақшылықтың таралу деңгейінің артуына байланысты аталған декларацияның қабылдануы өте маңызды дейді Нұрғайша Сақипова ханым.

Декларацияны қабылдап, компаниялар ерікті түрде бірқатар міндеттемелер алады. Атап айтқанда, тұтынушыға сатылатын бағдарламалық өнімдердің сатылуы мен таралуын реттейтін барлық ережелерді сақтау. Бөлек немесе компьютерлік техника комплектісіне қосылған орнатуға даяр барлық бағдарламалық қамсыздандыруларға қажет лицензияларды қамтамасыз ету. Ешқандай жағдайларда да бағдарламалар көшірмесін жасамау және таратпау. Декларацияны қазірге 18 компания қолдаған.
XS
SM
MD
LG