Accessibility links

Газа аймағындағы Рафах босқындар лагерінен Израйль әскерлері шығарыла бастады.


Бұл жерге Израйль әскерлерінің жасаған кезекті екі күндік басып кірулері салдарынан сегіз палестиналық қаза болып, көптеген үйлер қиратылған болатын. Сенбі күні Рафах лагерінен кем дегенде 40-қа жуық Израйль танкілері шығарыла бастаған еді. Олар сондай-ақ Мысырмен шекараға жақын маңға барып жайғаса бастады. Себебі, бұл аймаққа Израйль бақылау жасап отыр-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агнеттігі. Әскери өкілдердің айтуынша, сырттан жасырын түрде қару тасу ісі сақталып отырған жағдайда, мұндай рейдтер қайталана беретін болады. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан рейд барысында бірнеше бейбіт азаматтардың қаза болғандығы үшін Израйль тарапын айыптады. Дәл осындай айыптауды Палестина министрі Сайеб Ерекат та жасады. Тағы бір хабарларға қарағанда, Палестина ел басы Ясер Арафат пен өкімет басшысы Ахмед Қурие Рамаллахта кездесіп, İшкі істер министрін тағайындау жөнінде ортақ келісімге келе алмады. Өткен айда жасақталған жаңа өкімет құрамында бұл орын осылайша бос тұр.
XS
SM
MD
LG