Пауел мырза аталған қарар жобасы жөнінде БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннанмен және Ресей Сыртқы істер министрі Игорь Ивановпен бірнеше қайтара телефон арқылы ақылдасулар өткізді. Аннан мырзаның пікірінше аталған жоба БҰҰ-ның бұл істегі басшылық міндетіне аз ғана орын беріп отыр. Ал, Франция, Германия және Ресей елдері болса, Құрама Штаттары ұсынып отырған қарар жобасында билік тізгінін ирақтықтарға мүмкіндігінше жедел беру идеясы қамтылмаған-, деді. Қарар жобасына айтылған сындарды қаперге алу жөнінде АҚШ ресми өкілдерінде ой бар-, деген еді Пауел мырза жұма күні сөйлеген сөзінде. Алайда, сейсенбі күні сөйлеген сөзінде АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Джон Негропонте өз елінің бұл жобаға қатысты ешқандай маңызды өзгерістер енгізбейтіндігін хабарлады. Бағдаттағы қонақ үй алдында болған екі көліктегі бомбалық жарылыс кесірінен бүгін кем дегенде жеті адам қаза болған.
Ирақ болашағы жөніндегі АҚШ ұсынып отырған қарар жобасын Мемлекеттік хатшы Колин Пауел қолдауын одан әрі жалғастыруда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"