АСТАНА: Қазан айының ортасында Малайзияда Ислам конференциясы ұйымының кезекті жиыны өтеді. Қазақ ақпарат агенттігі хабарлағандай, Қазақстан атынан оған сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бармақ. Астанада өткізген брифингте Қ.Тоқаевтың өзі хабарлағандай, мемлекет басшысы Н.Назарбаев қарашаның басында ҚХР-сындағы Боао қаласында өтетін Азияның экономикалық форумына қатысуды жоспарлауда. Одан соң Қазақстан президенті ресми сапармен Сигапурге, Филиппинге және Оңтүстік Кәрейге бармақ. Қ.Тоқаевтың айтуынша, қарашаның соңында президент Н.Назарбаев Аустрия мен Словакияға сапарға баруды көздеп отыр. Венада Қазақстан президентінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымда сөз сөйлеуі және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен кездесулері жоспарланған.
Қазақстан президенті Н.Назарбаев қарашаның басында ҚХР-сындағы Боао қаласында өтетін Азияның экономикалық форумына қатысуды жоспарлауда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
-
Сценарий бойынша
"Ақорда іріктеген депутаттар". Мәжілістің жаңа құрамынан не күтеміз?
AzattyqTV