Accessibility links

Һаза аумағындағы босқындардың Рафаһ лагерінде Израиль армиясының жүзеге асырған шарасының салдарынан 1,5 мыңға жуық палестиндік баспанасыз қалды.


ТАЯУ ШЫҒЫС: БҰҰ-ының мәліметі бойынша, Һаза аумағындағы босқындардың Рафаһ лагерінде Израиль армиясының жүзеге асырған шарасының салдарынан 1,5 мыңға жуық палестиндік баспанасыз қалды. БҰҰ-ының өкілі Петер Хансеннің хабарлауынша, 120-ға жуық тұрғын үй қиратылған. Қираған баспаналарды ол жер сілкінісінің салдарына теңестірді. Израиль армиясының қирату шарасы 2 күн бойы жалғасты. Таяу Шығыстан келіп түскен ақпарға қарағанда, қақтығыстарда 9 палестиндік мерт болды. Израильдің мәлімдеуінше, армия бөлімдері жерасты туннельдерін жоюда. Тель-Авивтің мәлімдеуі бойынша, палестиндіктер ол туннельдер арқылы Мысырдан қару-жарақ алып тұрады.
XS
SM
MD
LG