ЛА ПАС: Латын Америкасының ең кедей елі – Боливияда саяси дағдарыс туды. Дүйсенбі күні елдің вице-президенті және 3 министрі Боливия президенті Гонсало Санчес де Лосаданың саясатына наразылық ретінде қызметтен кетті. Ел астанасы – Ла Паста үкіметтің Чили территориясы арқылы Тынық мұхит жағалауымен өтетін газ құбырын тарту жобасына қарсы наразылық шерулері толастар емес. Боливия ол жобадан түсетін табыстың 18 пайызын ғана алатын көрінеді. Соңғы 2 тәулікте армиямен қақтығыста шеруге шыққан 30-ға жуық адам қаза болды.
Боливияның вице-президенті мен 3 министрі президент Гонсало Санчес де Лосаданың саясатына наразылық ретінде қызметтен кетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?