Accessibility links

Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің басшысы Муһаммад әл-Баради бейсенбі күні Теһранға барады.


МАГАТЭ: Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің басшысы Муһаммад әл-Баради бейсенбі күні Теһранға барып, Иранды өзінің ядролық бағдарламасының бейбіт мақсат-мүдделері туралы барлық ақпарды МАГАТЭ-ге 31-қазанға дейін беру туралы талапты орындауға үгіттеп көрмек. “Иран” газетіне берген сұхбатында Иранның МАГАТэ-дегі өкілі Әли Ақбар Салехи - Теһран өзінің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты үйлестіру бойынша келіссөздерді созып отыр деген әл-Барадидің айыптауын жоққа шығарды. Оның үзілді-кесілді атап көрсетуінше, Иран – МАГАТЭ-мен арадағы әріптестігін кеңейтуге дайын.
XS
SM
MD
LG