Accessibility links

Ирақ экономикасы мен әлеуметтік саласын қайта көтеруге ЕуроОдақ 200 млн. еуро қаржы бөледі.


БРЮССЕЛЬ: Ирақ экономикасы мен әлеуметтік саласын қайта көтеруге ЕуроОдақ 200 млн. еуро қаржы бөледі. ЕуроОдақ елдерінің сыртқы істер министрлерінің дүйсенбі күні Люксембурһтегі бас қосуында осындай шешім қабылданды. Ұлы Британия Ираққа қосымша 375 млн. еуро қаржы бөлетінін хабарлады. Сыртқы істер министрлерінің мәлімдеуінше, ЕуроОдақтың осындай шағын көмек беруінің басты сыры – Ирақты қалпына келтірудегі БҰҰ-ының рөлі мен Ирақтағы биліктің халық қолына беру мәселесі әлі шешілмеген. Алдағы аптада БҰҰ-ының бастамасымен Мадридте Ираққа көмек беруге дайын демеуші елдердің халықаралық конференциясы өтпек.
XS
SM
MD
LG