Accessibility links

Әзірбайжан Таулы Қарабақ түйінін күшпен шешу мүмкіндігінен мүлде бас тартпайды.


БАКУ: Әзірбайжан Таулы Қарабақ проблемасын күшпен шешу мүмкіндігінен мүлде бас тартпайды. Дүйсенбі күні Бакуде өткізген баспасөз-маслихатында президенттікке үміткер Әзірбайжан премьер-министрі Ильһам Әлиев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Әзірбайжан Таулы Қарабақты бейбіт жолмен қайтаруды көздейді. Бірақ, егер Армениямен арадағы келіссөздер нәтижесіз аяқталған жағдайда, басқа да жолдар ескерусіз қалмайды. Әзірбайжандағы президент сайлауы 15-қазанда өтеді.
XS
SM
MD
LG