Астана. Интерфакстың хабарлауынша, бүгін Қазақстан көлік және байланыс министрі Қажмұрат Нағманов Қазақстанның негізгі аутодаңғылдары 2015 жылға дейін халықаралық үлгіге сай болады деп мәлімдеген. Алматы-Астана даңғылының жөндеуінің бітуіне орай министр 2015 жылы барлық жолдар осы Алматы-Астана жолындай болады деді. Оның айтуынша, жөндеуден өткен 934 км Алматы-Астана даңғылы ең кем дегенде 30-50 жылға жарауға тиіс. Даңғылды жөндеуге Әлем банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі, Сауд Аравиясының даму қоры, Абу-Даби даму қорлары бөлген 250 миллион долларлық қаржының 230 миллионы игерілген.