Бүгін Изарилдың ең кем дегенде 40 танкі Газа секторындағы Рафах палестин босқындар қосына басып кірген. Израил әскері бұл қосқа өткен бейсенбі күні басып кіріп 3 күннен кейін қосты тастап шыққан болатын. Жорық кезінде 8 палестиндік опат болған. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан қарапайым азаматтар шығынына алып келген бұл жорықты айыптаған. Израил жағы осындағы жерасты туннелдерді қару сақтауға пайдаланды деп палестиндіктерді айыптауда.