Accessibility links

Кабул БҰҰ шешіміне риза, бірақ көптеген сауал жауапсыз


БҰҰ-ның Қаупсіздік кеңесі Кабулден тыс Ауғанстан аймақтарында НАТО-ның басшылығындағы Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштерін орналастыруға ортақ шешім қабылдады. Бұл дала қолбасшыларын қарусыздандырып, елде демократиялық сайлаулар өткізу жолындағы маңызды қадам болмақ.

Сейсенбі күні ауған ұлықтары БҰҰ-ның Қаупсіздік кеңесі Кабулден тыс Ауғаныстан аймақтарында НАТО-ның басшылығындағы Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштерін орналастыру туралы шешімін қуана қабылдады.

БҰҰ-ның Қаупсіздік кеңесіндегі АҚШ-тың елшісі Джон Негропонт қабылданған шешімді былайша жариялады:

"Жобаны іске асыруға 15 дауыс қолдау болды. Жоба шешімі бір ауыздан қабылданды, ол 2003 жылдың 1510- шешімі деп аталады."

Тамыздан бері НАТО-ның басшылығында Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштерінің 5 жарым мыңдық қолы бар. Қазіргі кезде Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштерінің басым бөлігін Германия мен канадалық қосындар құрайды. Олар Ауғанстандағы АҚШ басшылығындағы тероршылдықпен күреске қатысушы 11 мыңдық шетелдік қолдан бөлек.

БҰҰ-дағы Германия елшісі Гюнтер Плойгердің айтуынша: "Біз неміс делегациясының Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштерінің Ауғанстандағы мандатын кеңейту туралы ұсынысының бірауыздан қолдау тапқандығына өте бақыттымыз. Бұл бізге Ауғанстандағы қауіпсіздік сақтауға жақсырақ мүмкіндік беріп, әсіресе Бонн үдерісінің орындалуына дайындық жасап келесі жылға жоспарланған сайлауларға жол ашуы тиіс."

Ал Кабулдегі Халықаралық дағдарыс тобының Ауғанстан бойынша талдаушысы Икрам Парехтың айтуынша, Мазари-Шариф пен Герат сынды шиленісті аудандарда Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштерінің санының елеулі болғаны абзал.

- Мазари-Шарифте қазір Өлкелік қалпына келтіру тобының 72 британдық жауынгері бар. Бұл айтыс-тартыстарды тию үшін жеткіліксіз. Олар айтарлықтай күшке зәру. Мен нақты баға бере алмаймын. Бірақ Мазардағы әртүрлі топтардың мүшелері бейтарап орын мен қауіпсіздік аудандарын құрып және қарусыздандыруды іске асыру үшін бір мыңдық халықаралық қол жеткілікті деп санайды, - дейді Парех.

Германия елшісі Плойгердің айтуынша, Берлиндегі ұлықтар солтүстіктегі Құндыз шахарына 450 неміс жауынгерін аттандыру үшін парламенттің қолдауын алуулары тиіс. Әзірше басқа бірде - бір ел Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштерінің қатарын арттыру туралы нақты жариялай қойған жоқ.
XS
SM
MD
LG