Accessibility links

Тәуелсіз бақылаушылардың есебі


Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі 12 қазандағы Мәслихат депутаттығына қайта дауыс беру барысына бақылаудың есебін жариялады

Қайта дауыс беру барысын бақылауға ТБРЖ-нiң 9 аймақтық штабы қатысты. Қайта дауыс беру барысын бақылау мыналарды анықтады:
  1. Кейбір кандидаттардың өз мақсаттарына жету үшін лас сайлау технологиясын қолдану жалпықазақстандық тенденцияға айналды.
  2. Кейбір кандидаттар мен билік орындары жағынан әкімшіліктің мүмкіншілігін пайдалану орын алды.
  3. Сайлаушылардың тізімдерін дайындау мен тексеру жолдары дұрыс болмауы салдарынан сайлаушылар тізімдері шындыққа сай келмеді.
Дос Көшімнің айтуынша, сайлау технологиясы бойынша алдын- ала дауыс берушілердің саны 3 проценттен жоғары болса, ол жерде бір шикіліктің жатқаны анық көрінеді. Ал Қазақстанда кей жерлерде, айталық, Қарағандыда алдын- ала дауыс берушілердің саны 47 процентке дейін жеткен.

Екінші көзге түскен мәселе қосымша тізімдердің үлкен проблемасы қайталанды.Үшінші көзге түскен мәселе, жергілікті жердегі атқарушы билік орындарының сайлау ісіне араласуы, соны қатаң бақылауға алуы.

Осыған орай Дос Көшім өз ұсыныстарын айтты. Заңнан алдын- ала дауыс беруді толық алып тастау керек деді. Сондай-ақ ешқандай қосымша тізімнің де керегі жоқ деді. Және тағы бір мәселе, алғашқы сайлау қортытындысына келіспеген бірқатар азаматтар соттасып, соның қорытындысы шықпай тұрып, екінші айналымды өткізу меніңше дұрыс емес деді Дос Көшім.
XS
SM
MD
LG