Мысалы, электр энергиясының әр киловаты бес пайызға өссе, салқын су мен кәріздік жүйесі қызметінің бағасы 9 пайызға қымбаттаған.
Жалпы , коммуналдық төлемдер жөнінен Арқалық қаласында қиын жағдай қалыптасқан. Бұл қалада жылу мен ыстық судың тарифін 3 есеге өсіруді ұсынса, монополияға қарсы департамент оны 35 пайызға ғана көтеру жөн деп отырған көрінеді.
Сондай-ақ, Арқалықта электр энергиясының бағасы да бес жарым пайызға өскен.