Мәжілісте 2003-жылғы әскери ынтымақтастық жоспарының орындалуы барысы, сондай-ақ, 2004-жылғы ынтымақтастық жоспарының жобасы қаралды.
2003-жылдың басынан бері Ұлыбританияның беделді әскери оқу орындарында қазақстандық әскери кадрлар дайындалуда Астана мен Алматыда қазақстандық офицерлерге тіл үйрету дайындықтары жүргізілуде.
Британ жағының бағалауынша , Қазақстанмен арадағы әскери-техникалық ынтымақтастық бағдарламасы – Орталық Азия аймағындағы ең ауқымды жоба.