Accessibility links

Қазақстан оппозициясы бір өзгерісті күтіп отыр


13-ші қазан күні Алматы қаласы Медеу аудандық соты Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосановқа қозғалған іске қатысты үкім шығарады.

Әміржан Қосанов бұл сот арқылы Қазақстан сотының қаншалықты өзгергенің байқағысы келеді.

Әміржан Қосанов, Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі: - Сот отырысы барысында мен осы күнге дейін саяси сипатты айтқан жоқпын, бірақ саяси сипатты барлығы біледі. Менің қолымда нақты дәлел болғандықтан, менің қолымда өзімнің адалдығымды дәлелдейтін құжаттар болғандықтан, мен саясат жөнінде сөз қозғаған жоқпын . Алайда бүгінгі отырыста саясат жөңінде айыптаушы жақ бірінші болып айтты. Бірақ әзірге мен еш нәрсе айтпаймын. Сонымен қатар, мен ойлаймын бұл сот отырысын халықаралық ұйымдардың бақылауы арқылы біз сот жүйесінде бар кемшілікті ретке келтіреміз. Егерде сот қызметкерлері мені дүйсенбі күні кінәсіз, деп есептесе, онда сот шын мәнінде тәуелсіз бола бастады. Ал егер мені айыпты деп есептесе, онда біздегі сот жүйесі өзгерген жоқ, деген сөз. Өткен жылдың аяғанда Қазақстан президенті құқықтық саясаттың тұжырымдамасын бекіткен. Сол тұжырымдамада бұл мәселе жақсы сипатталған, оны жасырмау керек, өте әдемі жазылған. Енді осы тұжырым тек қағаз жүзінде қалмау керек.

Бақылаушылардың пайымдауынша, мемлекеттегі билік Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосановты салық төлемеді және жалған құжатты пайдаланды деген сылтаумен айыптап, оппозицияға көрсетіп отырған қысымын одан әрі күшейтуді жоспарлап отыр. Әміржан Қосанов болса, бұл оқиғаны мемлекеттегі бір өзгеріспен байланыстырады.

Әміржан Қосанов, Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі: - Талай ұсыныстар болды, болып жатыр. Ал дәл мына қылмыстық істің қозғалуының екі себебі бар. Біріншіден, мына режим өзін сынайтын оппозиция өкілдерін бұрышқа қойғысы келіп отыр. Мәселен, маған және Ермұрат Бәпиге қылмыстық істің бір адамның қозғауы, бір мекеменің қозғауы соның дәлелі, деп ойлаймын. Екіншіден, біздің ақтығымыз, тазалығымыз дәлелденіп отыр, біз тек журналистикамен шұғылданып келе жатырмыз. Бұл ашық саяси күрестің жалғасы, яғни саяси күрес күшейіп келе жатыр. Ең бастысы бізді алда саяси өзгерістер күтіп отыр, яғни бізді бұл саяси процесстеріне қатыстырмау керек болып тұр, біздің төңірегімізде болып жатқан оқиғаны мен осы саяси процесстердің алғашқы қоңырауы, деп білемін.

Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосановтың төңірегінде болып жатқан істің астарында саясат жатуы мүмкін деген, пікірді билікке жақын «Отан» партиясының мүшесі, Парламент депутаты Серік Әбдірахманов қолдайды. Серік Әбдірахмановтың ойынша,бұл істе әділдік болу керек.

Серік Әбдірахманов, «Отан» партиясының мүшесі,Мәжіліс депутаты: - Астарында саясат болуы мүмкін, себебі салықты төлемеген жалғыз Әміржан Қосанов ғана емес шығар. Салық төлемегендер көп бізде. Мысалы, бізге ұрлаған мүлікті жария ету жөніндегі заң жоба келді. Ол дүние қайдан келді, ұрланған мүлікті заңдастырғысы келеді, бұл мүлікке салық төленді ме? Төленген жоқ, әрине. Ал Әміржан Қосанов жөнінде айтатын болсақ, мен оның көсемі Әкежан Қажигелдинге қарсымын, бірақ Әміржан мәселесінде біз әділ болуымыз керек. Мен барлық билікте отырған азаматтарды әділдікке шақырамын.Баяғыда бір еврей екінші еврейден сұрапты, Аврамның жағдайы қалай?- деп. Сонда екінші еврей бірінші еврейден қайталап сұрапты, қай Аврам?- деп. Сонда бірінші еврей, үйі түрмеге қарсы тұратын Аврамның қалы қалай деп сұрапты. Сол уақытта екінші еврей Аврамның жағдайы жақсы емес, ол қазір үйіне қарсы тұрады, деп айтыпты . Сол сияқты қазір түрмеге қарсы тұратындар, ертеңгі күні үйіне қарсы тұруы мүмкін.Осы мәселені естен шығармау керек.

Сонымен қатар, Серік Әбдірахманов үкімет басында отырғандардың саясатты дұрыс жүргізбейтініне наразы.

Серік Әбдірахманов, «Отан» партиясының мүшесі: - Кейбір билікте отырғандар күш көрсетіп, оппозицияны шулатады, кішкене ақылмен жұмыс жасау керек, күш көрсетіп мәселені шешуге болмайды. Билік басындағылардың бұл кемшілігін пайдалана отырып, оппозиция өкілдері бізге қысым көрсетіп жатыр, деп шулайды, олар салық төлемедім, деп айтпайды ғой.

Ал сот отырысына басынан айғына дейін қатысып жүрген «Жұмысшалыр» қозғалысының төрайымы Сахыб Жанабаева Қазақстанның Республикалық халық партиясы мүшелерінің төңірігінде болып жатқан оқиғаны саясатпен байланыстырды.

Cахыб Жанабаева, «Жұмысшылар» қозғалысының Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі: - “Қазақгейт” шатағы басталғаннан бері оппозиция өкілдерін құдалай бастады, сол себептен мен ойлаймын бұл саясатпен байланысты болып отыр. Қазіргі билік өз қатесін жасырғысы келеді, халық білмесін, деген ойда, сол себептен осындай қадамға барып отыр.

Қазақстан оппозиционерлерінің айтуынша, Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосановтың сот ісі аяқталғаннан кейін, сотқа Республикалық халық партиясының мүшесі, «СолДат» газетінің бұрынғы редекторы Ермұрат Бәпи шақырлады.
XS
SM
MD
LG