Қазақстан кеденшілері елден заңсыз әкетеліп жатқан Библия яки Інжіл кітәбін қолға түсірді, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі. 1904 жылы Мәскеуде шығарылған қасиетті кітәпті Германия азаматы алып шықпақшы болған көрінеді. Ол Астана әуежайында ұсталды.
Сол сияқты Астана әуежайында Түркиядан бес килограмға жуық күміс бұйымдарын әкеле жатқан Қазақстанның екі азаматшасы ұсталды. Олар бұл бағалы заттарды кеден декларациясында көрсетпеген соң айыпты деп табылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсанға саяси баға беру, қуғын-сүргін ұйымдастырғандарды жауапқа тарту талабы неге аяқсыз қалды?
AzattyqTV