Accessibility links

Әзірбайжандағы толқулар басылды деп мәлімденді


Әзірбайжада сәрсенбі күні президенттік сайлау болған соң басталған қақтығыстар тиылды, астана Бакуде тәртіп қалпына түсті, деп мәлімдеді бас министр Ильхам Әлиев. Парламент төтенше мәжіліске жиналып, ел тыныштығының бұзылғанын талқылап жатыр. Президенттік сайлауда Ильхам Әлиев жеңді деген соң оппозицияны қолдаған халық наразылық танытып жатыр. 80-жасар президент Ғейдар Әлиев биліктен кетті, оның орнын ұлы Ильхам басты деп алдын ала жарияланды. Қақтығыстардың барысында 196 азамат қамауға алынды. Наразылық танытқан бір адамның қаза болағаны расталды. Ішкі істер министрі Рамиль Усубов халықтың көтерілгеніне оппозиция басшысы Иса Ғамбарды айыптады.Парламент депудаттары жағдайдың ұшыққанына оппозициялық депутат Иғбал Ағазадені кінәләп, оны иммунитет құқынан айырды. Иғбал Ағазаде енді тергеуге тартылып отыр. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Америка Құрама Штаттары және Европа Одағы Әзірбайжандағы сайлауды сынап отыр.АҚШ сыртқы істер министрінің өкілі Адам Ерели сайлау халықаралық талаптарға сай өтпеді деді.
XS
SM
MD
LG