Accessibility links

Қазақстанның екінші Президенті кім болуы мүмкін?


Үстіміздегі айдың 25-ші жұлдызында күллі қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді.

«Республика күні» мерекесін атап өтетін Қазақстанның саяси өмірін қазақстандықтар әр-түрлі бағалайды. Қазақстан тәуелсіздігін алған 12 жылдан бері мемлекеттегі саясатты республикадағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі, саясаткер Қаһарман Қожамберді де бақылап, өз бағасын беріп жүр. Қаһарман Қожамбердінің пікірінше, Қазақстанның алдыға жылжуына, мемлекет азаматтарының заңдарды орындамайтыны кедергі болып отыр.

Қаһарман Қожамберді, Қазақстандағы Ұйғыр қауымдастығының жетекшісі: - Мемлекеттік шенеуніктер жұмыс аз болса, өз жұмысымды тез бітірсем, пайда түсірсем, деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Ең алдымен қазақтар патриот болу керек. Егер қазақтар отаншыл болмаса, онда кім патриот болады? Егер қазақтардың өздері отаншыл болмаса, онда басқа ұлт өкілдері қалай отаншыл болады? Мен ойлаймын, егер қазақтар отаншыл болса, онда басқа ұлыстың өкілдері де қазақтардан көргеннін іске асырады. Бұл істі кім іске асырады?Зиялы қауым асыра алады, әрине, бұл істі іске асыратын жастар да бар, бірақ бізге Хизбут-Тахрир келсе, онда біздегі әйелдердің барлығы бастарын орамалмен жабады, денелерін жабады. Осы жақсы ма? Әрине, жаман»! Мысалы, Өзбекстан 1995 жылға дейін 10 мыңдай мешіт ашып тастады, бұлда дұрыс емес. Соңынан Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ашылған мешіттердің санын азайты.Үлкен қалаларда бір –екі мешіт болып қалды, шағын ауылдарда бар болған мешіттерде азайды. Бұл да дұрыс емес, неге осы мәселені алдын ала ескермеген. Ал Қазақстанға келер болсақ, Қазақстан бұл мәселе жөнінде алдын ала ойлап, арнайы заң шығарды. Бұл Қазақстан жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың барлығын алдын ала біле алғандығының көрсеткіші . Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын зерттейтін болсақ, мысалы, Нұрсұлтан Назарбаев орыстарға өздерінің музей болған шіркеулерін қайтарып берді. Орыстар қандай шараға барды, дейсіздер ғой? Орыстар өздерінен казачествоны алыстатты.Қазіргі кезде президенттің саясатын толығымен қолдайды. Бұл да президенттің еңбегі емес пе? Мен қазір Нұрсұлтан Назарбаев кетсе, оның орнына кім келетінін білмеймін, лайық адам жоқ болып тұр. Бірақ бізде әлі демократия болады, деп айтуға болмайды.

Қазақстанды 13 жылдан бері басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын Қаһарман Қожамберді жоғары бағалайды, бірақ Қазақстанның тұңғыш президенті өз беделін жоғалпау үшін болашақта өз еркімен тақтан кету керек,- дейді Қаһарман Қожамберді.

Қаһарман Қожамберді, Қазақстандағы Ұйғыр қауымдастығының жетекшісі: - Ресейдің бірінші президентің Борис Ельцинді орыстар жамандайтын, бірақ Борис Ельцин Ресей тарихында қалуға лайықты адам, себебі өз еркімен тақтан кетіп, өзінің орнына Ресейдің қамын ойлайтын адамды қалдырып кетті. Мен ойлаймын Қазақстан президенті де осындай қадам жасау керек. Менің пікірімше, 2006 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің орнына жаңа бір адамды алып келеді. Енді Тәжікстан мен Түркіменстандағы жағдайды қайталамайды, деп ойлаймын.

15-ші қазан күні Әзірбайжан Республикасында президент сайлауы өтеді. Бақылаушылардың пайымдауынша, бұл сайлауда Әзірбайжанның қазіргі президенті Гейдар Әлиевтың ұлы Ильхам Әлиев жеңіске жетуі мүмкін. Орталық Азия және ТМД мемлекеттеріндегі сарапшылар мен бақылаушылар бұл сайлаудан кейін Орта Азия мемлекеттерінде билік мұрагерлік әдіспен өте бастайды, деген болжам жасап отыр. Қазақстанға келер болсақ, Қазақстан Президенті өзінің орнына үлкен қызы Дариға Назарбаеваны қалдыруы мүмкін, деп айтыла бастады. Бұл пікірмен келісетіндер де, келіспейтіндерде бар, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі Асылы Османованың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев мұндай қадам жасамайды.

Асылы Османова, Қазақстандағы Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі: - Нұрекең ондай қадам жасамайды, деп ойлаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың ақылы жетеді, қызын отырғызбайды, деп ойлаймын. Үлкен қызының жасап жатқан жұмысыда жеткілікті. Президеттің бүгінгі жүргізіп отырған саясатының арқасында біздегі халық тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Қалай болғанымен, Асылы Османованың ойынша, Қазақстан президенті өзінің ізбасарларын дайындауы керек, бірақ билікті қызына тастамауы қажет.

Асылы Османова, Қазақстандағы Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі: - Дариғада адамгершілік те бар, парасаттылық та бар, ақыл да, бірақ президент болу оңай шаруа емес. Әкесінің атқарған жұмысын атқару қиын болады. Президент өзі ауылда өскен ғой, сол себептен президент Назарбаев орыстар мен орысша, қазақтар мен қазақша сөйлеп тіл табыса алады. Ал қалада өскен Дариғаға бұл қиын болады, деп ойлаймын.

Әзірге сарапшылар Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның шұғыл түрде «Асар» партиясын құруы бекер емес, дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG