Accessibility links

Семейде қатарынан екі той өтті


Семей қаласында бүгін қатарынан екі мереке тойланып отыр, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі. Семей қаласына 285 жыл толса, қазақ ойшылы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 145 жыл болды. Мерейтойларға орай "Гениум" шығармашылық бірлестігі "Есть город золотой" деген атумен бейнефильм шығарды. Бұл Семей қаласының тарихын баяндайтын тұңғыш толыққанды кино болмақ. Семей қаласына 285 жыл толды дегенмен, мекеннің тарихы одан әлде қайда терең.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG