Accessibility links

Мәскеуде "Хабардың" тілшісі Ерлан Жанабеков қайтыс болды


"Арба" ресейлік интернет басылымы кеше хабарлағандай, Мәскеуде "Хабар" телекомпаниясының меншікті тілшісі Ерлан Жанабеков кенеттен қайтыс болды. Ол ауыр науқасқа тап болған. Ерлан Жанабеков 37 жаста, ол Қарағанды телекомпанияларында істеп, осыдан жеті жыл бұрын республикалық "Хабар" телекомпаниясына шақырылған. Мәскеулік әріптестері және Мәскеудегі қазақстандық өкілдер Ерланмен бүгін тәңертен қоштасты. Марқұм Қарағандыда жерленеді.
XS
SM
MD
LG