Газа секторындағы Рафах босқындар ауылында Израил сарбаздары палестиналық жауынгерлермен атысты. Үш палестиналық азамат қаза тапты, олардың біреуі – "Хамас" жауынгерлік тобының сарбазы. Израил әскери басшылығы палестиналықтар өздері бірінші оқ атты дейді.
Израил әскери басшылығы босқындар ауылында жер асты тоннельдерін іздестіріп жатыр. Ол тоннельдер арқылы палестиналықтар көршілес Египеттен қару жарақ тасиды деген күдік айтылады. Тінтулердің барысында Израил сарбаздары 100 ден аса үйді қиратты, бір мыңнан астам адамды баспанасыз қалдырды, дейді палестиналықтар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге сынады?
-
Владимир Сливяк
"Қазақстан емес, АЭС салуға Ресей ынтық". Сарапшымен сұхбат