Accessibility links

Джордж Буш Филиппинде болды


АҚШ президенті Джордж Буш Азия сапарының барысында бүгін Филиппинде болды. Джордж Буш және ел президенті Глориа Арройо терроризмге қарсы соғыс мәселелерін талқылады. Президент Буш бұл шаруада Филиппин елі Оңтүстік Шығыс Азия шеңберінде үлгі көрсетіп отыр деп парламентте сөз сөйледі. Буштың келуіне орай Америка Құрама Штаттарын сынаушы топтар қарсылық шерулерін өткізді. Президент Буш Филиппин мемлекетіне алғысын білдіріп, Азияның әр елі, әлемнің әр елі жолайрықта тұр деп сипаттады: - Терорризмді қолдай ма, жоқ терроризмге қарсы соғысқа атсалыса ма - барша мемлекеттердің жол таңдайтын уақыты жетті. Терроризм қаупін түсінбеген елдер, тойтарысты өзгелер бере берсін деген елдер өздерін өздері алдайды. Бойын тасада қалдырған мұндай елдер ортақ қорғанысқа нұқсан келтіріп отыр, апатты қақтығысқа болашақта жол ашып отыр, - деді президент Буш Филиппин парламентінде сөйлегенде. Президент Буш енді Таиландқа барып, Азия Тынық мұхит серіктестігінің жиналысына қатысады.
XS
SM
MD
LG