Accessibility links

Үкімет ұсынған «БАҚ туралы» заң жобасы


Үкімет ұсынған «БАҚ туралы» заң жобасы қазіргі күйінде қабылданған жағдайда Қазақстандағы сөз бостандығына қатысты ахуал қиындай түсуі мүмкін.

Үкімет ұсынып отырған “БАҚ” туралы заң жобасы қазіргі күйінде қабылданған жағдайда Қазақстандағы сөз бостандығы мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жағдай қиындай түспек. Бұл жөнінде қоғамдық ұйым мүшелері дүйсенбі күні “БАҚ туралы” заң жобасына байланысты британдық “Соғыс және бейбітшлік” институты, Қазақстан баспасөз клубы және “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық үйым мүшелері ұйымдастырған 1-ші республикалық қоғамдық тыңдауда мәлімдеді.

“Бұл заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарының тіркелу тәртібін айтарлықтай қиындата түспек”, - деп есептейді “Әділ сөз” қоры заң қызметінің жетекшісі Кальсин мырза. Сондай-ақ ол: “Заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарының эфирге яки басылып шығуын кідіртуге немесе олардың қызметін тоқтатуға құзірет беретін негіздемелер қатарын кеңейтеді”, - дейді. “Жаңа заң арқылы БАҚ қызметін реттеу қатая түсетініне көз жеткізу үшін осы екі мысал жеткілікті”, - дейді “Әділ сөз” ұйымының жетекшісі. Ал адам құқығы бойынша халықаралық бюро жетекшісі Евгений Жовтистің айтуынша, “заң жобасына биліктің өз қалауынша журналистің, БАҚ-тың жауапкершілігін белгілеуі, ақпарат құралдарының меншік иесін де жауапқа тартуы сияқты нормалардың енгізілуі арқылы жағдай ушыға түспек”.

Қазақстан журналистер Конгресінің заңгері Симахина ханым болса, “біз бұқаралық ақпарат құралдарының шаруашылығына қол сұғатын” заң жобасымен таныс болдық дейді. “Неліктен қаламсап шығаратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі Азаматтық кодекспен реттеледі де, ал газет шығаратын меншік иелерінің қызметі БАҚ туралы заңмен реттелеуі тиіс?!” – дейді Симахина ханым.

“Ақ жол” партиясы баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Саримов бұл жиынның нәтижелі болатындығына күмән келтіреді. Оның айтуынша, “басқа да салиқалы жерлерде айтылған ұсыныстарың бірде-біреуі қабылданып, бұл жобада ескерілген жоқ. Үкімет өздерінің толықтыруларына қайшы келмейтін тұстарды ғана алып, қазақстандықтар үшін маңызды сөз бостандығы, монополияны бұзу сияқты ұсыныстарды қабылдамады”.

Десек те, “БАҚ туралы” заң жобасына орай парламентте құрылған жұмысшы тобының жетекшсі Әбдіжәлел Бәкір: “Бұл заң жобасында ұсыныстар ескерілмелді деп айту қиын. Көптеген ұсыныстар қабылданды”, - дейді. Сондай-ақ ол заң жобасы журналистердің құқығына нұқсан келтіреді деген пікірмен келіспейтіндігін жеткізді.

Депутаттың мәліметтеріне қарағанда, сейсенбі күні Ақпарат министрінің қатысуымен Мәжілістің әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша комитетінің 1-ші кеңейтілген жиынында бұл заң жобасының тұжырымдамалық тұстары қаралады.
XS
SM
MD
LG