Accessibility links

Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспапатар оркестрінің 70-інші концерттік маусымы қазанның 22-інде ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.


Атақты оркестр ұжымы үшін биылғы маусым ерекше болмақ, себебі 2004-жылы Құрмынғазы оркестрінің құрылғанына 70 жыл толады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және дирижеры Айтқали Жайымовтың айтуынша, өнер ұжымының репертуары Құрманғазының Сарыарқасынан бастап , негізінен қазақ күйлерінен тұрады. Қайта өңделген Ақсақ құлан мен Құрманғазының Пәбескі күйлері алғаш рет орындалады. Құрманғазы оркестрі 1934-жылы тұңғыш дирижеры, академик Ахмет Жұбановтың ұйымдастыруымен құрылған. Оған сол жылы бүкілқазақстандық слетқа келген өнерпаздардың арасынан шыққан жүлдегерлер іріктеліп алынған. Олардың қатарында Қамбар Медетов, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Уали Ысқақов, Жаппас Қаламбаев секілді өнер жұлдыздары болған. Құрманғазы оркестрінің орындауындағы қазақ күйлерін Азаттық радиосы да жарты ғасырдан астам уақыттан бері үзбей пайдаланып, эфирге таратып, олармен тыңдаушыларын сусындатып келеді.
XS
SM
MD
LG