АҚШ мемлекеттік департаменті наразылық шерулері кезіндегі тұтқындау әрекеттерінің саяси астары бар деп есептейді. Сондықтан мемлекеттік департамент әзери үкіметін және оппозицияны заңдарға сүйеніп, өзара бейбіт келісімге келуге шақырады.
- Біз сайлаудан кейіңгі күш көрсету әрекеттеріне алаңдаудамыз. Сондықтан Әзірбайжан үкіметі мен оппозициядағы партияларды зорлық-зомбылық әрекеттерді тоқтатуға шақырдық. Кімде кім қылмыстық іс жасаса заң алдында жауап беруі тиіс, - дейді департамент өкілі.
Наразылық шеруі кезіндегі шайқаста 100 ден астам адам тұтқындалған. Екі адам қаза тауып, 200 шақты адам жарақат алған.