Accessibility links

Әлеуметтік-экономикалық даму


Әлеуметтік-экономикалық дамуының 2003 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы қортындылары

Қазанның 21 күні болған Үкіметтің отырысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2003 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы қортындылары бойынша Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтің баяндамасы тыңдалды.

Министрдің айтуынша “осы жылдың тоғыз айында республикадағы макроэконмикалық жағдай тұрақтылығын сақтап тұр”.

2002 жылмен салыстырғанда биыл жалпы ішкі өнім өндіру бағалауы 8,6 пайызды құрап отыр. Ауылшаруашлығындағы өндірістің өсуі 3,7 пайызды құрайды Өнеркәсіптегі өндіріс 7,8 пайызға ұлғайды. “Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында инфляцияның төмен деңгейі байқалады, биыл бағалар азық-түлік тауарларына 1,8 пайызға, азық-түлік емес тауарларға 4,7 пайызға, ақылы қызметтер көрсетуге 3-пайызға өсті”- дейді Экономика және бюджетті жоспарлау министрі.

Сондай-ақ ол үстіміздегі жылдың 1-і қазанынан бастап нан, жұмыртқа, ет және басқа да қажетті тұтыну тауарларына бағаның өсуі орын алып отырғандығын айтты. Бұл ұн мен қоспа жемнің баға деңгейіне кері әсер ететін астық бағасының өсуімен байланысты.

Биыл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке түсімнің көлемі 29,8 пайызға көп, яғни 775,9 млрд теңгені ал шығыстар мен несие беру 776,8 млрд теңгені құрады. Ал бюджет тапшылығы 871,7 млн теңгені құрап отыр.

Ал мұнай өндіру қарқынына келетін болсақ, жарты жылдық қортынды бойынша 11,3пайыздан қаңтар қыркүйек айларында 7,6 пайызға төмендеген. Министрі Қайрат Келімбетовтің айтуынша “мұнай өндіру қарқынының төмендеуі Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр”.

Сондай-ақ, Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов: “Республиканың барлық аймақтары мен экономика салаларында 9 айдың негізгі экнонмикалық даму ағымдары сақталады. Төртінші тоқсан шешуші тоқсан болмақ, қазір алда тұрған маңызды мәселердің бірі астықты толыққанды жинап сақтау”-деді.

Үкіметтің осы отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі , Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі бірігіп әзірлеген аймақтарда білім беру және денсаулық сақтау нысаналарын салу, қайта жаңарту бойынша әдістемесі қаралды.

Аталмыш әдістемеде оқу орындары, ауруханалық төсектері жоқ елді мекендерде осы мәселенің шешемін табу қарастырылған.

Үкімет басшысы Даниал Ахметов Білім және ғылым министрлігіне және облыс әкімдеріне мектептерді жаңарту қажетті өңірлерде мектеп салу мәселесін тапсырды.

Сондай-ақ, “ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда қайта өңдеу жүргізу мәселесі қамтылсын” делінді.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне туберкулезге қарсы емдеу ауруханаларынының жағдайын жақсарту, перзентханаларда қайта өңдеу жүргізу мәселесі тапсырылды. Ал білім жүйесінде мектептерді толығымен компютірлендіру және 50 пайызға дейін мектептерді интернет жүйесіне қосу мәселесін облыс әкімдеріне тапсырды.
XS
SM
MD
LG