Израил әскерилерінің айтуынша, қалаға шамамен 40-тай бронетранспортер кірген, мұнда Палестин жетекшісі Ясер Арафаттың штабы орналасқан. Әскерилер қала тұрғындарына коменданттық сағат жариялаған.
Көршілес жатқан Әл-Биреу қаласында да тінту жүргізілген.
Кеше ертеңгісін Европа одағы мен Ресей Арафатқа қосылып, 10 палестиндікті өлтірген Газа секторындағы Израил әуе күштерінің шабуылдарын айыптаған болатын. ЕО-ң сыртқы саясат жетекшісі Хавер Солана да бейбіт тұрғындардың құрбандығына әкеліп соқтырған мұндай қақтығыстарға тек өкініш білдіретіндігін айтқан.
Батыс жағалау. Израил күштері Рамалла қаласына кіріп, мешітті қоршап, көзден жас ағызатын газ жіберген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр