Accessibility links

Иран пайдаланылған ядролық отынды Ресейге қайтару жөнінде келісімге қол қоймақшы.


Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктегі Иранның өкілі Али Акбар Салехи Иран Ресеймен пайдаланылған ядролық отынды қайтару турасында келісімге қол қоятын болады деп айтқан. Ресей Иранға атом электр станциясын салуға көмектесуде. Дегенмен де, Мәскеу заводтардағы ядролық қару жасауға қолданылатын отынның қауіпсіздік үшін Ресейге қайтарылғанын қалап отыр. Тайландта Азия-Тынық мұхит экономикалық саммитінде Ресей президенті Вл. Путин былай деген. - Біз бүгін тағы бір мәселенің шешілгенін қалаймыз. Біз бұл елге жалпы бағдарламаның аясында беретін қолданылған ядролық отынның қайтарылғанын талап етеміз. Егер осы күрделі мәселенің бәрі де оң шешілетін болса, менің ойымша оған ешқандай кедергінің қажеті жоқ, онда Иранмен ынтымақтасып кұмыс істеуге, алаңдамауға болады, - деп атап көрсеткен Ресей президенті. Бұл келісімдер жөнінде Франция мен Германияның және Ұлыбританияның министрлері Иранның ядролық бағдарламасын талқылау үшін Тегеранда болғаннан кейін айтылған.
XS
SM
MD
LG