Accessibility links

«Үшінші Орталық Азия экологиялық журналистика-2003 фестивалі мәреге жетті».


Қазанның 22-сі күні Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі, БҰҰ Даму бағдарламасы мен «ЭкоПрессЦентр» атты қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы үшінші Орталық Азия экологиялық журналистика –2003 фестивалі мәреге жетті.

Фестиваль аясында Қазақстандық теле-радио және мерзімді баспасөз наминациялары бойынша тапсырылған 250 видео, аудио жұмыстар және мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар сарапқа салынып, олардың ішінен 42 еңбек арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Фестивальдің мақсаты - бүгінгі таңдағы экологиялық тауқыметтерді жұртшылық назарына ұсынудағы бұқаралық ақпарат құралдары рөлін, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселесіне қатысты үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен журналистердің біліктілігін арттыру дейді ұйымдастырушылар.

Үздік деп табылған еңбектер қазан айының 24-26 сында Душанбеде өтетін екінші Орталық Азия экологиялық журналистика фестиваліне қатысуға жолдама алды. Келесі төртінші Орталық Азия экологиялық журналистика фестивалі Ташкент қаласында өтеді деп жоспарлануда.
XS
SM
MD
LG