Ұлтшылдар мен концерваторлар үкіметті коррупцияланған әрі елді басқара алмайды деп айыптап, Живкович пен оның жақтастары ұлттық мүддені сатып кетті деп мәлімдейді. Күн тәртібінде сондай ақ, бейтарап емес деген сындар тағылып отырған Сербия президенті міндетін атқарып жатқан парламент спикері Наташа Мичичке де сенім білдіру мәселесі енгізілген. Бұл мәселелерді көтерген Сербияның демократиялық партиясын басқарып отырған Югославияның бұрынғы президенті Воислав Коштунице.
Сербия парламенті бүгін қайтадан Зоран Живкович үкіметіне сенім білдіру мәселесі бойынша жиналды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Белсенділерге жүгінген билік Орал оқиғасын тез ұмытты. Себебі неде?
AzattyqTV