Accessibility links

Израиль Иорданның Батыс жағалауын бөліп тұратын қабырғаның құрылысын одан әрі жалғастыруда.


Бұл жөнінде бүгін Израилдің өнеркәсіп министрі Ехуд Ольмерт мәлімдеді. Израиль үкіметі бұл палестиндік террористерден қорғану үшін сенімді қорғаныс қабырғасы болаты деп есептейді. Кеше БҰҰ Бас Ассамблеясы Израилдің қорғаныс қабырғасын соғуын сынайтын қарарды басым дауыспен мақұлдаған. Онда мұндай әрекет халықаралық тәртіпке қарама-қайшылық әкеледі делінген. Израиль сыртқы істер министрлігінің өкілі Даниель Тоуб БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған бұл шешіміне орай, егер палестиндіктер израилдіктерге қарсы жаугершілік шабуылдарын тоқтатпайынша, жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі жол картасында ешқандайда алға жылжу болмайды деген. Палестиндіктер жол картасына сәйкес, өздері үшін сара жол террорды тоқтатып, келіссөздерді бастау екенін біледі. Бірақ, олар қайтадан Израилге қарсы біржақты қарар қабылдату үшін өздерін көп бөлігі бірден қолдайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының көмегіне жүгінеді - деген Израиль сыртқы істер министрлігінің өкілі.
XS
SM
MD
LG