Accessibility links

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны қорғау


Қазақстан Өзбекстан жағымен шекараны қорғау бағытындағы ресми әрекеттерді жүзеге асырушылардың өміріне тікелей қауіп төнбеген жағдайда шекарада қару қолданбау туралы келісімге келді.

Қазанның 23-күні болған Парламент Сенатының жалпы отырысының күн тәртібіне енгізіліген “Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттері туралы келісімді бекіту туралы” заң жобасы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары-Шекара қызметінің директоры Болат Зәкиев баяндама жасады.

Оның айтуынша, аталмыш келісімнің мақсаты-заңсыз көші-қонның, қару-жарақ контрабандасының, есірткі құралдарының, психотроптық заттар, жұқпалы аурулар мен індеттің алдын алу жөніндегі бірлескен әрі дер кезінде шаралар қабылдау үшін, қазақ-өзбек шекарасындағы бекеттері қызметінің құқықтық негізін жасау болып табылады.

Сенаторлар аталмыш заң жобасын бір ауыздан қолдап, қабылдады.

Сондай-ақ, Шекара қызметінің директоры Болат Зәкиев Қазақстан-Өзбекстан шекарасында болған шиеленіске байланысты қазанның 16 күні Өзбекстан жағымен кездесіп, шекараны қорғау бағытындағы ресми әрекеттерді жүзеге асырушылардың өміріне тікелей қауіп төнбеген жағдайда шекарада қару қолданбау туралы келісімге келгендерін айтты.

Соңғы бір айдың ішінде айтылып жатыр. 15 мың шақырымдай шекарамыз бар. Әртүрлі жағдайлар туып жатады. Бірақ, соңғы жағдай еліміз назар аударған мәселе болып отыр. Әр елдің шекарада қару пайдалануда өз тәртібі бар. Біздің халқымыз жаңа құрылып жатқан шекара тәртібін әлі толық меңгерген жоқ. Біз көп жағдайға байланысты келістік. Бұл бұрын күзетілмеген шекара, екі жақтың шекара күзетіп жатқан мекемелері нығайып, тәртіптердің бәрі бір жағдайға келтірілгенше соның бәріне уақыт керек. Осы мәселер бойынша қазанның 16-ы күні Өзбекстандық әріптесіммен кездестім. Сол кездесуде аталған мәселерді іске асырамыз деп келістік. Осы 16-ы қазанға дейін кездесуге мүмкіндік болмай жүрді өзбекстан джағынан,ол не себептен екені белгісіз. Енді біз үнемі кездесіп тұратын боламыз.

Қазақстанның Шекара қызметінің директоры Болат Зәкиевтің айтуынша Өзбекстанның мемлекеттік шекара қорғау комитетінің төрағасымен болған кездесуде шекараны қорғаудағы екі ел арасындағы ынтымақтасықты нығайтуды және шекараға қатысты тағы да басқа мәселерді талқылаған.
XS
SM
MD
LG