Accessibility links

Ирақтағы қазақстандық бітімгершілік күштердің ахуалы жақсы.


Ирақта қызмет етіп жатқан "Қазбат" бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік отрядындағы қазақстандық жауынгерлердің жағдайы "жақсы" деп бағаланып отыр. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ирақта арнайы болып қайтқан комиссия мүшелері осындай қорытындыға келді,- деп хабарлайды Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. Қазақстан қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы қазанның 16-21 күндері Ирақта болып қайтқан. Сапар барысында инженерлік-саперлік отрядтың жауынгерлік тапсырмаларды орындау дайындығын тексеру көзделген.
XS
SM
MD
LG