Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық қызметтерінің басшылары мемлекеттік шекараны қорғау бағытындағы ресми әркеттерді жүзеге асырушылардың өміріне тікелей қауіп төнбеген жағдайда шекарада қару қолданбау туралы уағдаластыққа қол қойды. Бұл туралы бүгін, 23-қазанда Астанада өткен сенаттың жалпы отырысы барысында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Болат Зәкиев журналистерге хабарлады.
Қазақ-өзбек шекарасындағы қызметкерлердің өміріне тікелей қауіп төнбеген жағдайда қару қолданбау жөнінде келісімге қол қойылған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV