Accessibility links

Ираққа донор елдердің Мадридте конференциясы басталды.


Бүгін Мадридте 60-тан аса елдің өкілдері Ирақты қайта қалыптастыруға қаражат бөлу мәселесіне арналған екі күндік конференцияны ашты. Және оған 300-дей жеке компанияларда қатысуда. Ирақтың уақытша сауда министрі Али Аллави отырыстың ашылуында сөйлеген сөзінде, конференцияға келгендерге алғысын айта келе, бұл донор елдердің көмектерімен Ирақ алға беттеген, демократиялық, жаңа қалыптасқан ел болады деген сенімін білдірді. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан бұл кездесу жақсы бастау алды деді. Кофи Аннан мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэл екеуі де донор елдерді Ираққа жомарттық көмек көрсетуге шақырды. Сондай-ақ, Кофи Аннан Ираққа қаржы қоры ерекше қажет екеніне тоқталды. - Мен білемін, біз бәріміз тезірек тәуелсіз Ирақ үкіметінің құрылғанын көруге асықпыз. Дегенмен, елді қайта құруды ол күнге дейін кейінге ысырып қоя алмаймыз. Бұл біздің ыждахатты көңіл аударуымызды талап етеді - деген БҰҰ ның бас хатшысы. Колин Пауэл болса, осы кездесуде айтарлықтай қаржы көзі нақтыланады деп күткенін, жалпы Ирақты қайта қалыптастыруға алдағы төрт жылда 56 млд доллар қажет екенін айтқан. Әзірге Құрама штаттар, Жапония, Оңтүстік Корея, Канада, Ұлыбритания, Испания, Дания, Индістан мен халықаралық қаржы банктері Ирақты қайта көтеруге қаражат салмақшы.
XS
SM
MD
LG