Accessibility links

Ресей кеше Мәскеу мен Киев арасында наразылық туғызған Тузланың жанындағы теңіз плотинасы құрылысын тоқтататындығын айтты.


Ресей мен Украинаның лауазымды шенеуніктері аталған мәселені талқылап жатқандықтан да дамба құрылысы уақытша тоқтатылған. Украина президенті Леонид Кучма кеше Тузлаға аттанған. -Біз бұдан 48 миллион халқы бар Украинаға деген құрметті көріп тұрған жоқпыз. Бұл мемлекеттер арасындағы қатынасқа сай емес. Бірақ біз бұл жайтты ушықтырмаймыз. Украина мен Ресей бауырлас елдер, сондықтан да бұл жанжалды келіссөздер столында шешуге тиіспіз. Біздің арамызда келешекте ешқандай да келіспеушілік туындамауы қажет,-деген Леонид Кучма. Бүгін Мәскеуде Украинаның бас министрі Виктор Янукович Ресей өкімет басы Михаил Касьяновпен кездесуге тиіс.
XS
SM
MD
LG