Сол күні таңертеңгілік Мосул қаласында астық күзетіндегі бір солдат та атып өлтірілген . Сондай-ақ Мосулда полиция бөліміне болған шабуылда екі бала қаза тауып, тағы да үш адам жарақат алған. Полиция күдікті деген бір адамды ұстаған.
Бұл оқиғалар АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің өкілі Паул Вулфовицтің үш айдан кейінгі Ираққа жасаған екінші сапарының алғашқы күні орын алды.
Кеше Бағдадтың солтүстігінде болған минометтік атқылауда екі американ солдаты қаза болып, төртеуі жараланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV