БҰҰ-ң Халықаралық атом энергиясы агенттігінің өкілі агенттіктің ядролық қару бақылаушылары осы демалыс күндері Иранға барып, оның ядролық орындары жөніндегі хабарламасын тексеретін болады деген.
Агенттік қазанның 31-не дейін Иран өзінің ядролық қару жасау бағдарламасын жасырын жағдайда дамытып отырмағандығын дәлеледейтін деректерді көрсетуі керек деп белгілеген соңғы мерзімге бір апта қалғанда барлық құжаттар мен хабарламаны агенттік қолына тиді.
Халықаралық атом энергиясы агенттігіндегі Иранның елшісі Әли Акбар Салехи бұдан бұрын бұл хабарлама Иранның барлық ядролық іс-қимыл әрекеті турасында толық баяндап береді деп айтқан-ды.
Егер Иран атом агенттігі қойған кесімді мерзімге мойынұсынбағанда агенттік БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесін Иранға қарсы шектеулер салуға мәжбүрлейтін еді.
Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы Мохаммед Елборадей агенттіктің басқарушылар кеңесіне Иран келісімі жөнінде қарашаның 20-да хабарлама жасайтын болады.