Accessibility links

Араб ханзадасы мен шейхтары “Қызыл кітапқа” енген дуадақтарды аулай береді


Сауд Арабиясының ханзадасы мен Біріккен Араб Әмірлігінің шейхтары Қазақстан үкіметінің рұқсатымен дуадақтарға саятшылығын жалғастыруда.

Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық экологиялық қауымдастығы төрағасының қоғамдық баықлау бойынша орынбасары Асылхан АРТЫҚБАЕВТЫҢ сейсенбі күнгі әңгімесінен белгілі болды.

Үкіметтің №1030 қаулысына сәйкес қазанның 1-і мен желтоқсанның 31-і аралығында ханзада Әбдел Әзіз Бин Ахмед Бин Әбдел-Әзіз Әл Сауд Жамбыл облысы және Алматы облысында республикалық мәні бар Жусандала мемлекеттік қорығы ауқымында 37 дуадақты, шейх Халифе Бин Заид Қызылорда облысында 20 бас, Маңғыстау облысында 50 дуадақты, шейх Суруру Бин Мұхаммед Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс және қаратау мемлекеттік қорығы ауқымында 20 дуадақты аулаға рұқсат алған.


Айта кететін жәйт, дуадақ - «Қызыл кітапқа» енген сирек құстардың қатарына жатады. Оны тіптен Алматы қаласында хайуанаттар бағынан да тамашалай алмайсыздар. «Хайуанаттар бағы коллекциясында дуадақ жоқ», - дейді Хайуанаттар бағының құстар бөлімінің меңгерушісі Генадий РЫЖКОВ. «Өйткені, дуадақтар - ерекше күтімді қажет ететін құс. Адамдарды да жатырқайды. Ал бүгін хайнуанаттар бағында оларға жағдай жасау мүмкін болмай тұр», - дейді ол. Оның айтуынша, «дуадақтарды Қазақстанда аз деу қиын. Кеңес заманында жер жырту, тың игеру бұл құстардың өсіп-өнуіне кесірін тигізгенімен, кейін елімізде ауылшаруашлығының әлсіреуіне сәйкес құстардың ұя салуы қайта оңала бастаған». Алайда, «бүнігі күні құстарға үлкен зиян арабтардан келеді», - деп есептейді хайуанаттар бағының қызметкері. «Өйткені, дуадақтарға арабтар сұңқармен ежелден саятшылық құрады». Рыжковтың айтуынша, «белгілі-бір мөлшерде олар қазір Қазақстанды дуадақ аулау алаңына айналдырып отыр». Ол арабтарға құстарды аулауға рұқсат берген үкімет қаулысының заңға сәйкес екендігіне күмән келтіреді. Ал табиғат қорғаушы Асылхан Артықбаев арабтардың саятшылығы кезінде жаппай заңсыздықтардың белең алатындығын тілге тиек етті. «Солардың жанында ждүрген адамдар айтады: жалғыз кінә - дуадақта емес. Олар көздеріне көрінген буылдырық па, бөкен бе, көгершін бе, әйтеуір, көздеріне көрінген жыбырлаған аң мен құсты ата береді...» Сондай-ақ ол шетелдік сатшылардың «Аңшылық туралы» заңды бұзып отырғанына тоқталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG