Accessibility links

Қазақстан Сыртқы істер министрінің Ұлы Британиядағы іс сапары басталды.


Итар ТАСС агенттігі хабрлағанындай, қазанның 27сі күні Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың Ұлы Британиядағы жұмыс сапары басталды. Тоқаевтің бұл сапардан мақсаты, алдағы жылы болатын екі ел аралық жоғары дәрежелі кездесуге дайындық шараларын қарастыру. Қазақстандық министр Британия үкімет басы Тони Блэрға президент Н. Назарбаевтің арнаулы хатын тапсырмақ. Дүйсенбі күні Тоқаев ханзада Майкл Кентпен кездесті. Кездесу кезінде парламент мүшесі Джон Манн Қазақстан Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық жағдайы үшін үлкен рөл ойнайды, деген. Британиялық парламентарийлер екі ел арасындағы сауда-саттық, экономикалық байланыстарға үлкен мән берген.
XS
SM
MD
LG